30 қаң, 2019 сағат 15:23

Президент: Біз базар іздеп, өз ішкі нарығымызды пайдаланбаймыз

Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Бүгінгі жиында өткен жылғы жұмыс қорытындыланып, алдағы жылға жоспарлар бекітілді. Елбасы отырыста кезекті рет отандық киім-кешек мәселесін көтерді. 

«Бізде барлығы шетелден әкелінеді. Жарайды, бізде сәнқой қыздар мен жігіттер бар, оларға «Шанель-манель» мен басқалары керек. Ал қарапайым халыққа ше? Кеше жастармен кездесу кезінде, Жастар жылының ашылуындағы көрмеде маған тамаша костюмдер мен аяқ киімді көрсетті. Біз оларға көп назар аудармаймыз. Ерболат, (премьер орынбасары Досаев-автор ескертпесі) неліктен неге ешкім дамытпайды? Сен осымен мүлде айналыспайсың», - деді Назарбаев. 

Үкімет басшысының орынбасары 600 миллиард теңге импорт алмастыруға бағытталды деп жауап берді.

Мемлекет басшысы бірінші кезекте өз өнімдерімізді насихатталу керектігін жеткізді.

«Осында отырған барлығымыз отандық костюмдермен келуіміз керек. Бұнда тұрған ештеңе жоқ. Әлемде қарапайым киім деген бар, мемлекеттік қызметкерлерге арналған қарапайым киім бар. Біз осылайша отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент жас кәсіпкерлерге жол ашу керектігін де айтты. 

«Әйтпесе, біз базар іздеп, өз ішкі нарығымызды пайдаланбай отырмыз» деп түйіндеді Елбасы.