25 сәу, 2022 сағат 17:43

Президент белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады


Мемлекет басшысы белгілі экономист Жақсыбек Құлекеевті қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Президентке жаһандық геосаяси дағдарыс жағдайында ұлттық экономиканы дамыту, сондай-ақ мұнай-газ секторының рөлін күшейту жөнінде ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар белгілі экономист және қоғам қайраткері Жақсыбек Құлекеев Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму перспективалары туралы өзінің көзқарасын айтты.