21 ақп, 2022 сағат 12:45

Премьер-министрдің кеңсесі оның сағаты қанша тұратынын айтты


Желіде премьер-министр Әлихан Смайыловтың ҚР Президенті тапсырмаларын іске асыру бойынша кеңес отырысына тағып келген сағаты талқыланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Telegram-арналардың бірінде оның бағасы 5-8 мың доллар (2,1 - 3,4 млн теңге) екені жазылды. Ал, Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары Руслан Желдібай таратқан ақпаратқа сенсек, сағат әлдеқайда арзан бағаға алынған.

"Кеше Telegram-каналдардың бірінде Әлихан Асқанұлы бағасы $5,000-8,000 аралығында тұратын Cartie Tank сағатын тағады деп жазыпты.

Шынтуайтына келгенде, премьер-министрдің фотодағы сағатының моделі Jacques Lemans, бағасы шамамен $383 тұрады", - деп жазды Руслан Желдібай Facebook-те.

Ол сөзіне дәлел ретінде сағат фотоларын жүктеді.