10 нау, 2022 сағат 10:46

Премьер-Министр тыңайтқыш бағасының 2 есе өсуін сынға алды


ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тыңайтқыш бағасының күрт қымбаттауына байланысты сын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биыл тыңайқыштардың бағасы 2 есе өсті. «Қазфосфад» пен «Қазазот» бірден бағаны көтерді. Мұнымен біз келісе алмаймыз. Әрине, олардың инвестициялық бағдарламалары бар, модернизациялау жұмыстары жоспарланған. Біз оны қолдаймыз. Бірақ бағалар бірден өспеу керек. Біртіндеп өсіруге болады», - деді ол Үкімет отырысында. 

Сондай-ақ Үкімет басшысы аталмыш мәселені монополияға қрасы орган жіті зерттейтінін ескертті.

«Олардың өнімінің қолжетімді болуы маңызды. Бұл мәселелерді монополияға қарсы органға тапсырдық. Өндірішулермен бірлесіп бұл мәселені тез арада пысықтауымыз керек. Жұмысты ұйымдастыру Роман Склярға жүктеледі», - деді Премьер-Министр.