Фото: KZgovernment
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың жаңа кеңесшісі тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.
"Мұрат Өтемісұлы Жүребеков ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Мұрат Жүребеков Ақтөбе қаласының әкімі қызметінен кеткен болатын. Ол бұл қызметте бес ай жұмыс істеген.