15 қар, 2021 сағат 19:28

Премьер-Министр: Ревакцинацияны міндетті түрде жасаймын


ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ревакцинацияны міндетті түрде жасататынын мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Ревакцинацияны міндетті түрде жасаймын. Маусым айында салдырған алғашқы вакцинам «Спутник V» болды. Тиісінше, қазір Pfizer бар, біздің QazVac және Қытай вакциналары бар. Қазір вакциналардың бірнеше түрі қолжетімді. Мамандармен кеңесемін, ревакцинацияға қандай вакцина салдыратынымды әлі анықтамадым. Әрине, бірінші вакцинадан кейін 6-8 ай өтуі қажет», - деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.