26 сәу, 2022 сағат 12:46

Польша ресейлік газдан толық бас тартуға дайын екенін мәлімдеді

Фото ©REUTERS

Варшава ресейлік газды пайдаланбай елдің энергетикалық секторының жұмысын толық қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі поляктың Forsal сайтына сілтеме жасап.

Gaz-System поляк газ құбырлары желісінің оператор-компаниясының басшысы Томаш Стемпень поляк газ жүйесі қазірдің өзінде шығыс бағыттан газ жеткізуді тоқтатуға толық дайын екенін мәлімдеді.

"Бүгін, 2022 жылдың сәуірінде Польшаның газ жүйесі Польшаға барлық шығыс кіреберістерін жабуға дайын және іс жүзінде тұтынушыларға жеткізуді шектеу қажеттілігінсіз дағдарысты басқаруды қажет етпейді",-деді Стемпень.

2022 жылдың қыркүйегінде Норвегия Дания арқылы Польшаға жылына 10 миллиард текше метр газ шығаратын жаңа Baltic Pipe газ құбыры іске қосылады деп күтіліп отыр. Жолдың поляк бөлігі 98-99 пайызға дайын. 2023 жылдың қаңтарында осы газ құбыры арқылы сағатына 1,1 миллион текше метр газ өтеді, деп атап өтті Gaz-System басшысы.

"Қоймаларды толтыру деңгейі жоғары. Күн сайын біз үлкен көлемде газ қосамыз. Қоймалар қазірдің өзінде 80 пайызға жуық толтырылды", - деді Стемпень. Айтуынша поляк қоймаларының сыйымдылығы 3,81 миллиард текше метр газды құрайды.

Бұған дейін Польша үкіметі ресейлік көмірді жеткізуге тыйым салу туралы шешім қабылдады.