17 қаң, 2019 сағат 13:14

Полиция оқушы қызға қатысты азғындық әрекет жасаған күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері кәмелет жасқа толмаған қызға қатысты азғындық әрекет жасаған деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«15 қаңтарда Сайрам аудандық полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі Ювеналды полиция тобының мектеп инспекторына жергілікті тұрғын арызданған. Шағымда белгісіз тұлға оның қызына қатысты азғындық әрекетін жасағанын көрсеткен. Полиция қызметкері оқушының ата-анасымен барып күдіктіні анықтап ұстап, аудандық  полиция басқармасына жеткізді», - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары шағымды ҚР ҚК-нің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу тізіліміне тіркеді.

Қазір күдікті қамауда отыр. Тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ арнайы сараптамалар тағайындалған.