Жаңаарқа ауданында той ұйымдастырушылар және полиция формасын киген шоумен елден кешірім сұрады.
«Бүкіл Қазақстан халқы үшін карантиндік шектеулер уақытында тойды заңсыз өткізгеніміз үшін кешірім сұраймын. Біз сіздерден той өткізбеулеріңізді сұраймыз. Жазалауға және айыппұл төлеуге дайынбыз», - деді той иесінің ұлы.
Тамада Заңғар Әбілжанов та өз әрекетін түсіндірді.
«Мен тәртіп сақшыларын қорлау үшін емес, қонақтардың көңіл-күйін көтеру үшін полиция формасын кидім. Барлық полиция қызметкерлерінен және барлық қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Мен жазамды өтеуге және айыппұл төлеуге дайынмын», - деді ол.
Еске салсақ, әлеуметтік желілерде полиция қызметкерінің киімінде шоумен бейнеленген видео пайда болды. Полиция қызметкерлері тамада погондардағы қызметкерлердің беделін түсірді және санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің бұзылуына себеп болды деп санайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 675-бабы бойынша оны жауаптылыққа тарту мәселесі қаралуда. Шоуменге 5 АЕК (13 890 теңге) көлемінде айыппұл салынды.