Киевтегі АҚШ елшілігі.
Украина билігі Киевтің орталығындағы АҚШ елшілігі аумағында әлдебір құрылғы жарылғанын, одан ешкім зардап шекпегенін хабарлады. Украина полициясының мәліметінше, жарылыс Шевченковский ауданында орналасқан елшілік аумағында 8 маусымға қараған түні болған.
"Тергеушілер белгісіз адам дипломатиялық миссия территориясына жарылғыш құрылғы лақтырғанын анықтады" делінген полиция таратқан мәлімдемеде. Қазір бұл оқиғаға байланысты "террористік акт" бабы бойынша іс қозғалып, қылмыскерді анықтаудың жедел шаралары жасалып жатыр.
Киевтегі АҚШ елшілігі бұл оқиғаға қатысты әзірге комментарий бермеді.