видеодан алынған кадр
Ақтөбе облысының полицейлері қасқырды шынжырмен ұрып өлтірген ер адамды анықтады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"Ырғыз ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ауданның 37 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адам қасқыр оның малына шабуыл жасамақ болғанын, малын қорғау үшін мотоциклмен жыртқышты қуып жетіп, шынжырмен ұрып өлтіргенін түсіндірді" - делінген хабарламада.
Ауыл тұрғынына қатысты ҚР ҚК 316-бабы 3-бөлігіне сәйкес "Жануарларға қатыгездікпен қарау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.