Фото:elements.envato.com
Алматы полициясы қалада "рэкеттер бандасы" пайда болғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұған дейін БАҚ "Алматыда рэкеттер алым-салық талап етіп, атыс шығарғаны" туралы хабарлаған болатын. Атыс кезінде екі ер адам жараланған. Оқиға Алматының Медеу ауданында болған.
"Алматыдағы рэкеттер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл бір көшеде тұратын көршілер арасындағы қарапайым тұрмыстық жанжал. Сонымен қатар, бірнеше адам болды деген ақпарат та жалған. Күдікті - бір адам, ол дереу ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полиция өкілдері шындыққа жанаспайтын ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.
"Азаматтарға БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеміз. Сондықтан анық және салмақты пікір беру өте маңызды", - деп қосты Әзірбек.
Бұл деректі қазір Медеу аудандық Полиция басқармасының аумақтық бөлімшелері анықтап жатыр.
"Дерек соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Күдікті 1983 жылғы У. есімді ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шағынауданда тұратын таныстар арасында ауызша жанжал туындап, У. есімді ер адам алдын ала мәлімет бойынша, травматикалық тапаншадан 1973 жылғы Б. есімді және 1973 жылғы Г. есімді ер адамға оқ атқан. Зардап шеккендердің екеуі де ауруханаға жатқызылды. Қылмыс жасалған қару анықталып жатыр. Жедел-тергеу тобы құрылды", - деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дәурен Өтебаев.
829 рет оқылды