29 қаң, 2018 сағат 14:25

Полиция Алматы орталығынан жарылғыш зат іздеп жатыр

Алматы полициясы Сүйінбай көшесіндегі Beeline орталығынан жарылғыш зат іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сүйінбай көшесі 243 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратты полиция қоршауға алды. Ғимараттан жүздеген адам сыртқа шығарылған. Оқиға орнында жедел әрекет ету қызметі жұмыс жасап жатыр.

«Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсті. Қазір бұл мәлімет тексеріліп жатыр», - деді қалалық полициядан.