21 қаз, 2022 сағат 13:45

Полицейлер Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты


Полиция қызметкерлері Қостанай тұрғынының ваннасынан жылан алып шықты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

20 қазанда "102" пультіне Қостанай тұрғынынан ванна бөлмесінен жылан табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына учаскелік полиция инспекторы Асқар Ментаев пен оның әріптесі Серік Малғаждар барған.

"Өтінішті алғаннан кейін мекенжайға келдік. Онда ұзындығы 20-25 сантиметр жыланды таптық. Оның қайдан пайда болғанын қазір анықтап жатырмыз, ол біреудің үй жануары болған тәрізді. Қазір жыланның иесін іздеп жатырмыз. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері де келді", - деді учаскелік Асқар Ментаев.

Кейін мамандар ұсталған жыланның кәдімгі су жылан екенін анықтады. Полиция қызметкерлері жыланды қаладан алып шықты. 

Басылым мәліметінше, қазан мен қарашада сужыландар түрлі шұңқыр мен саңылауға еніп қыстайды.