Фото: freepik
Ақсу қаласының тұрғыны полиция қызметкеріне бағынбағаны үшін ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Кешкі уақытта полицияға Қамзин көшесіндегі пәтерлердің бірінде тұратын әйел хабарласып, көмек сұраған. Аталған мекен-жайға бірден учаскелік полиция инспекторы жіберілген. Полиция қызметкері келген соң, қала тұрғыны мас күйінде жанжал шығарып, өзін агрессивті ұстаған ұлына шағымданған.
"Ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын елемеді, агрессивті әрекет етті, инспекторға қарсылық көрсетті. Ол учаскелік полиция қызметкерінің басынан үтікпен соғып, білегінен тістеп алды.
Көмек көрсету үшін көрсетілген мекен-жайға автопатруль жіберілді. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ер адам алкогольдік мас күйде болды. Осы жағдайды одан әрі талқылау үшін құқықбұзушы полиция бөліміне жеткізілді", - дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.
Бұл факті бойынша ҚР ҚК 380-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін адам қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.