21 ақп, 2020 сағат 08:38

Пластикалық ота жасатпақ болған төрт баланың анасы ажал құшты

Полиция Алматыда липосакциядан қайтыс болған көпбалалы анаға қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл фактіні қазіргі уақытта Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы тексеруде.

«ҚР ҚК 317-бабымен іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Алдын ала болжам бойынша, медициналық қызметкерлер өз қызметіне немқұрайлы қарағандықтан және дер кезінде медициналық көмек көрсетпегеннің салдарынан адамның өлімі болуы мүмкін»,- деп хабарлайды полиция.

Бұған дейін, бұқаралық ақпарат құралдарында 36 жастағы төрт баланың анасына жасалған пластикалық операция сәтсіз аяқталғаны туралы жазылған болатын.