26 қаз, 2022 сағат 16:48

Пірматов базалық мөлшерлеменің неге көтерілгенін түсіндірді


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16 пайыз деп белгіледі. Бұл туралы басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов арнайы брифингіде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық бактің ақша-кредит саясаты комтеті 27 қазаннан бастап базалық мөлшерлемені 16 пайызға дейін көтеру жөнінде шешім қабылдады. Шешім инфляцияның жеделдеуіне және бағаның өсуі біздің болжамды бағалауымыздан едәуір жоғары қалыптасуына байланысты қабылданды. Биылғы жолдың соңына қарай инфляцияның 16-18 пайыз аралығында қалыптасатынын болжаған едік. Қыркүйек айында нақты инфляцияның жасалған болжамнан асып түсуі, инфляциялық күтулердің оң фискалдық серпін аясындағы инфляцияның компоненттерінің тұрақтылығының, жоғары сыртқыинляцияның, тауар жеткізу жолдарының бұзылуының, Ресейден жоғары инфляиця импортының жалғасуының, сондай-ақ өндіріс шығындарының өсуінің салдарынан орыналды. Инфляцияның тұрақты өсуінің айқын белгілері байқалуда», - деді банк төрағасы.

Сондай-ақ ол қазіргі инфляцияның өсуі ұзаққа созылуы мүмкін екенін атап өтті.

«Мұндай жағдайда оның қарқынды өсуі ұзаққа созылуы ықтимал. Осының бәрі ақша-кредит талаптарын қатаңдатуға бағытталған шешуші шаралар қабылдауды қажет етеді. Нақты базалық мөлшерлеменің өзінің қалыпты мәнінен ұзақ уақытқа айтарлықтай ауытқуына жол бермеген жөн. Себебі бұл инфляциялық процестің бақылаудан шығуына әкеліп, кейінгі жылдары инфляцияны тұрақтандыру мүмкіндігін азайтады», - деді Ғалымжан Пірматов.