Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирусқа қарсы Pfizer компаниясының препаратын қай жерде алуға болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Еліміздің бас мемлекеттік санитария дәрігерінің шешімі бойынша, Pfizer вакцинасы енді барлық азаматтарға вакцинация және ревакцинация үшін қол жетімді. Елордада Pfizer вакцинасы алғашқы медициналық көмек көрсету ұйымдарында (емханалар), сондай-ақ "Абу-Даби Плаза" сауда орталығында жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы қазіргі уақытта Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыратындар тізімі жаңарып жатқандықтан, тұрғындардың дерегін цифрлық базаға тіркеуге үлгермей жатыр. Бұл жұмыс жақын арада қағаз жүзінде жүзеге аспақ.
"Департамент барлық деректерді толтырып жатқан медицина қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауды сұрайды", - деп толықтырды ведомство.