Петропавлда 2-ЖЭО-да алған жарақатынан жұмысшы қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz Telegram-арнасы.
"Петропавл қаласы Полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің өндірісінде ҚР ҚК-нің 156-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу материалдары бар.
Сотқа дейінгі тергеу барысында 5 қараша күні Петропавл 2-ЖЭО аумағында жұмыс орнында болған 21 жастағы монолитшінің өндірістік жарақат алғаны анықталды. Ер адам медициналық мекемеге жатқызылды. 7 қараша күні алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Сол күні аталған қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 156-бабының 3-бөлігіне қайта сараланды" - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта істің мән-жайын зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады. Сондай-ақ, жұмыстарды орындау кезінде өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша жауапты тұлғалардың кінәсі айқындалмақ.