© Photo: Pexels / Ole Bertelsen
Жаттығу кезінде ішіне доп тиген бозбала Петропавл облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" 7152.kz порталына сілтеме жасап.
Оқиға дүйсенбі кешкі сағат жетіде Жабаев көшесінде, Қарасай стадионына қарама-қарсы жерде болған.
2005 жылы туған бала футбол жаттығуы кезінде спорттық жарақат алған. Эпигастрия аймағына (ішінің жоғарғы бөлігіне) доп тигенде, көгалға шалқасынан құлап, желкесін соғып алған.
Жедел жәрдем станциясына 18:36-да қоңырау түскен. Дәрігерлер оқиға орнына 4 минуттан соң, яғни 18:40-та барған.
"Олар "анықталмаған жүрек тоқтауы, анықталмаған кома және жабық бас-ми жарақаты" деген диагноз қойды. Бозбала 20:10-да көпсалалы облыстық балалар ауруханасының жедел жәрдем бөлімінде көз жұмды" - делінген мәліметте.