25 мамырда құқық қорғау органдарының қызметкерлері 1990 жылы туған учаскелік полиция инспекторының мәйітін тапты. Оның жұбайының қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қаза тапқан ер адам Петропавл полиция басқармасында жұмыс істеген.
"Учаскелік полиция инспекторының мәйіті Петропавл қаласының шағын аудандарының біріндегі өз үйінде зорлық-зомбылық белгілерімен табылды. Оның кеуде тұсында жарақат ізі болған. Осы дерек Петропавл қаласының ПБ тергеу бөлімінде сол күні тіркеліп, ҚР ҚК-нің 99-бабының бірінші бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамының белгілері бойынша, яғни кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады СҚО прокуратурасының баспасөз қызметі өкілдері.