26 қаз, 2022 сағат 18:43

Петропавлда полицейлер екінші қабаттың терезесінен құлаған ер адамды анықтады


Петропавл полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған видеодағы ер адамды анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Оқиға 15 қазанда таңертең болған.

"Ғабит Мүсірепов ауданының 38 жастағы тұрғыны бір күн бұрын жұмыстарымен Петропавл қаласына келіп, Әуезов көшесіндегі үйлердің бірінің екінші қабатынан пәтер жалдап тұрған. Оның айтуынша, ол пәтерде жалғыз болған және ішімдік ішкен. Темекі шегу үшін балконға шыққан ер адам тепе-теңдігін жоғалтып, дүкеннің баспалдағына құлаған. Біраз уақыттан кейін есін жиып, пәтерге оралған. Оның ешкімге арыз-талабы жоқ, медициналық көмекке жүгінген жоқ", - деді Петропавл қалалық ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сейілбек Елжасов.

Сол күні түс ауа ер адам автобуспен аман-есен үйіне кеткен. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы.