CC0 / Free-Photos /
СҚО Полиция департаменті қызметкерлері Петропавл қаласының аумағында мектеп мұғалімінің миссионерлік қызметті жүзеге асыру фактісін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.
"28 жастағы ер адам бейнекамералар жоқ жерлерде оқушыларға діни жиындар өткізгендігі анықталды. Оқытушыдан діни мазмұндағы әдебиеттер мен дәрістер жазылған дәптер тәркіленді.
ҚР ӘҚБтК 490-бабының 3-бөлігі "Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзу" бойынша 50 АЕК (172 500 тг) мөлшерінде айыппұл салуды көздейтін материал жиналды" - делінген хабарламада.