21 сәу, 2023 сағат 11:54

Петропавлда «Халық кеңесінің» үш мүшесі 2 айға қамауға алынды


Петропавл қаласында сепаратизм үшін айыпталған "Халық кеңесінің" үш белсендісі екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

"2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу соты барлық үш фигурантқа қатысты 2 ай мерзімге "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 18 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің СҚО бойынша департаменті "Халық кеңесінің" үш мүшесі ұсталғанын хабарлаған еді.

Оларға Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша (қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу) және 180-бабы 2-бөлігі бойынша (Қазақстанның біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату) айып тағылып отыр. Үшеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Тергеу материалдарына сәйкес, 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында "Халық кеңесі" тобына қатысушылар жиналған. Жиынға облыс орталығының 20 тұрғыны келді. Олар "өздерін Кеңес социалистік республикалар одағының ізбасарлары" деп жариялады.

Жиналыс барысында олар Қазақстаннан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық кеңесін құру туралы тілектерін білдірген және "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық кеңесі декларациясын" қабылдаған. Онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитимділігін мойындамаған. Оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра, тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр.