Қылмыскер талтүсте көзі нашар көретін қарт адамға шабуыл жасаған. Зейнеткер көшеде қарақшының құрбаны болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
73 жастағы ер адам мүгедектерге арналған шара өткен зағиптар қоғамынан үйіне қайтып келе жатқан. Қарақшы зейнеткерге арт жағынан шабуыл жасап, оны құлатып, әмиянын жұлып алған. Көзі нашар көретін ер адам полицияға шабуыл жасаушының ешбір белгісін айта алмаған.
"Ол мені соқты, құлап кеттім. Тез тұрғым келді, бірақ тұра алмадым - аяғымды сезбедім. "Не істеп жатырсың?" деп айғайладым, әдейі айғайладым. Құжаттар, тым болмаса құжаттарымды бер деп айғайладым", - деді жәбірленуші.