2017 жылы туған бала ата-ана қарауынсыз қалып қойған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар комитеті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқыс оқиға бүгін сағат 12.35 кезінде тіркелген.
«Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері баланың жан тапсырғанын хабарлады», - делінген хабарламада.
Мұндай жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ. Ай сайын, тіпті апта сайын әртүрлі қалада жас балалардың терезеден құлап кеткені туралы жиі хабарланып жүр. Осы себепті, Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары бала үйде жалғыз қалған жағдайда терезені ашық қалдырмауды ескертеді.
«Ойын баласын үйде жалғыз қалдырмаған абзал. Терезеге жақын жиһазды, диванды қоймаған дұрыс. Сол секілді, терезеге тор орнатқан жөн», - делінген комитеттің хабарламасында.