30 мам, 2022 сағат 18:45

Петропавлда 17 жастағы қыз он екінші қабаттан секіріп кетті


Петропавл полицейлері суицид жасаған 17 жастағы қызға қатысты тергеуді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамыр сағат таңғы 05:00 шамасында полицияға Жамбыл көшесі бойындағы үйдің 12-қабатынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. 17 жастағы қыз оқиға орнында қайтыс болған.

Қазір бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптамалар тағайындалды, болған оқиғаның мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады.