сурет: inform.kz
Петропавлда тұрғындар пәтерлерінің күрт суығанын айтып, әлеуметтік желіде жарыса жариялады. Қалалықтар түнде батареяларынан шуылдың естілгенін айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Петропавл тұрғындарының айтуынша, пәтерлердегі қол тигізбей тұрған батарейлер түнгі сағат екілерден кейін суи бастаған. Сондай-ақ жылыту құралынан түсініксіз шу естілген. Қазір қаланың кей аудандарындағы баспаналарда қоңыр салқын температура сақталған.
СҚО прокуратурасы жағдайды түсіндірді.
«16 желтоқсан күні Петропавл тұрғындары пәтерлеріндегі батарейден шуыл естілді. Оған сағат 2.30 шамасында 2-жылу-электр орталығындағы турбина цехында 3 желілік сорғының техникалық сөндірілуі себеп. Станцияның персоналы негізгі қондырғыда тиісті ауыстырулар жасады. Сағат 4.40 минут кеткенде гидравликалық режим қалпына келтірілді. Судың айналымы тоқтатылған жоқ», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта жылу тасымалдаушыда 78 градусты көрсетіп тұр, ал норма 83 градус. Жылу біртіндеп көтеріліп жатыр.
«Құрметті қала тұрғындары! Сіздерден жалған ақпаратты таратпауға және тек қана ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырамыз», - деді прокуратура өкілдері.