Петропавл әуежайы төртінші рет сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тендер өтті деп танылды. Петропавл әуежайының мүлкі бес жыл мерзімге 2,8 млрд теңгеге сенімгерлік басқаруға берілді. Сауда-саттықтың жалғыз қатысушысына сатуға рұқсат етілді.
Сенімгер басқарушы қызмет бейінін шарт жасасқан күннен бастап 10 жыл мерзімге сақтауға, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасының нормалары мен талаптарының, күзетке, терроризмге қарсы қорғау жүйесіне қойылатын талаптардың сақталуын, әуежай аумағын өртке қарсы құралдармен жарақтандыруды, білікті мамандардың болуын қамтамасыз етуге, объектіні тек нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға, оны талдауға және жоюға жол бермеуге тиіс.
Алғаш рет әуежай мүлкі наурыз айында сатылымға шығарылды. Осы уақыт ішінде оның құны 2,8 және 5,6 млрд теңге аралығында құбылды.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы әуежай сенімгерлік басқаруға беру рәсімі кезінде штаттық режимде жұмыс істейтінін атап өтті.