16 там, 2022 сағат 19:38

Петропавл әкімі қала тұрғындарынан 471 миллион теңгені қайтаруын сұрады

Фото: gov.kz

Петропавл әкімі Руслан Аңбаев қала тұрғындарынан 471 миллион теңгені қайтаруды сұрады. Әкімнің айтуынша, қаражат көпқабатты тұрғын үйлерді жаңғыртуға арналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Петропавловск.news сайтына сілтеме жасап.

15 тамызда Руслан Аңбаев қала орталығының пәтер иелерінің кооперативі мен меншік иелерінің бірлестігі төрағаларымен кездескен. Мұнда 445 көпқабатты үй орналасқан. Бұл көпқабатты үйлерде 313-і қазіргі басқару нысандарымен жұмыс істейді. Ал 132 үйде меншік иелерінің бірлестігі де, қарапайым серіктестік те әлі жасалмаған.

Қала әкімінің айтуынша, бүгінде басты мәселе - көпқабатты тұрғын үйлерді жаңарту.

"Былтыр көпқабатты үйлерді жаңғыртуға республикалық бюджеттен 980 миллион теңге бөлінді. Петропавлдың орталық бөлігіндегі 11 тұрғын үй жөндеу жұмысынан өтті. Бұған республикалық қазынадан 629 миллион теңге бөлінді. Қазір бұл қаржыны қайтару мәселесі қарастырылып жатыр", - деді Руслан Аңбаев.

2011 жылдан бері қала тұрғындарының қарызы 471 миллион теңге болған. 471 миллионға 80 жаңа ойын алаңын орнатуға немесе 15 аула жолына асфальт төсеуге болады.

"Сондықтан қаладағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру үшін қаржыны бюджетке қайтаруды сұраймыз", - деді әкім.