Павлодар облысы әкімі Болат Бақауов Павлодар қаласының жаңа әкімі Қайрат Нүкеновті таныстырды.
"Қайрат Теміршотұлы еңбек жолын тас қалаушы болып бастаған, кейін жеке бизнеспен айналысты, 2012 жылдан бері мемлекеттік қызметте", - деді Болат Бақауов, деп жазады pavlodarnews.kz.
Сонымен бірге, өңір басшысы айтқандай, Нүкенов Железин ауданының әкімі, облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, Ақсу мен Екібастұз әкімі, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.
Облыс орталығының басшысы болып тағайындалғанға дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Жаңа әкімге тапсырма
Ең алдымен Болат Бақауов Қайрат Нүкеновке экономикаға үлесін тигізетін кәсіпорындарға ерекше назар аудара отырып, барлық кәсіпкерліктердің скринингін өткізуді тапсырды.
"Өкінішке орай, жалпы даму бар болғанымен, жыл басынан бері бірқатар салада төмендеу байқалады. Өнеркәсіп - 98,8%, құрылыс - 81,9%", - деп атап өтті облыс әкімі.
Бақауов атап өткендей, Павлодар инвесторларды тарту орталығы болуы керек.
Бұрынғы әкім неге қызметінен кетті?
Шілденің басында облыс әкімі Болат Бақауов Павлодар басшысы Әнуар Күмпекеев "саяси мемлекеттік қызметкер ретінде сенімнен айырылғанын" мәлімдеді.
Күмпекеев қала әкімі қызметін 10 айдай ғана атқарды. 2019 жылдың 11 маусымында Болат Бақауов оған қатаң сөгіс жариялаған болатын.