13 сәу, 2023 сағат 11:11

Павлодарда үш жасар сәби терезеден құлап, мерт болды

Көрнекі сурет: rusdialog.ru

Павлодарда үш жасар бала көпқабатты үйдің терезесін құлап кетіп, көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы жедел жәрдем станциясының мәліметінше, бала 9-қабаттан құлаған.

«Баланың терезеден құлауына қатысты шақырту сағат 18:32-де келіп түсті. Жедел жәрдем қызметкерлері оқиға орнына 3 минутта жетті», - делінген хабарламада.

Сәби оқиға орнында мерт болды.