Фото: Ашық дереккөзден
Павлодарда ер адам әйелдің бетіне бұрыш баллонын шашып жіберген, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.
Анықталғандай, оқиға 24 желтоқсанда Павлодар қаласы Торайғыров көшесінде болған.
Audi автокөлігінің жүргізушісі жанжал кезінде қала тұрғынының бетіне бұрышты баллон шашқан.
"Полиция автокөліктің жүргізушісін анықтады, ол 32 жастағы павлодарлық болып шықты. Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды" - делінген хабарламада.
Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал қарау үшін Павлодар қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберіледі.