Фото: elements.envato.com
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері жедел жәрдем көлігінде бір жасар сәбидің қабырғасы сынып, басымен құлаған жағдайдың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"103" желісіне қоңырау 6 сәуірде сағат 21.05-те түсті. Оған бірінші санатты жеделдік тағайындалды, сондықтан ол жерге жақын маңдағы медициналық бригада жіберілді. Сағат 21.07-де медицина қызметкерлері орнында болды. Сол кезде кішкентай науқастың тынысы тоқтап, клиникалық өлім жағдайына түскен. Педиатриялық бригада дәрігері кеудеге компрессия жасай бастады. Мұндай жағдайда қабырғаның зақымдалуы, әсіресе жас балаларда жоққа шығарылмайды. Дәрігерлер сағат 21.33-те баланы ауруханаға жатқызу кезінде кеуде аймағының сынуы мүмкін екенін хабарлады", - деп түсіндірді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы өкілдері.
Сондай-ақ, нәресте неге құлап қалғаны айтылған.
"Науқасты ауруханаға жеткізген кезде оны зембілге байламаған, себебі нәресте кез келген сәтте тыныс ала алмай қалуы мүмкін және оған реанимация қажет болады. Медициналық топтың айтуынша, бұрылыстардың бірінде бала зембілден құлап кеткен, бірақ дәрігер де, анасы да оны ұстап қалған, ол еденге құламады", - деп сендірді жедел жәрдем станциясының дәрігерлері.
Сондай-ақ, олар жедел жәрдем жүргізушісі көлікті кенеттен тоқтатқан жағай болмағанын айтқан.
"Жедел жәрдем станциясының басшылығы медицина қызметкерлері әрекетінде заңбұзушылық болды деп санамайды. Бұл ретте "103" қызметі баланың анасынан кешірім сұрайды. Сәбидің денсаулығы мықты болып, тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз", - деді жедел жәрдем станциясы өкілдері.