Фото: instagram.com/tipavlo.dar
Павлодарда мектептегі өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, білім беру мекемесі ғимаратының шатырындағы өрт аймағы ұлғайған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Шатырдағы жану алаңы алдын ала мәлімет бойынша - 1200 шаршы метр. Өрт тарап кеткен, жанғыш жүк, түтін және өрттің кеш анықталуына байланысты сөндіру кезінде жағдай қиындады. Өздері сөндіруге тырысқан болса керек. Барлық күш пен құрал жұмылдырылды, жеке құрам тартылды. Оқиға орнында 13 техника мен 70 адам жұмыс істеп жатыр", - деді Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қайрат Шаймарденов.