28 сәу, 2023 сағат 10:14

Павлодарда мас ер адам 12 жастағы қызды соққыға жыққан

Фото: pixabay.com

Павлодарда мас ер адам 12 жастағы қызды ойын алаңында аяусыз ұрып тастаған. Зардап шеккен қыздың туыстары ер адам оның басын сырғанаққа ұрғанын айтты, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz сайты. 

Бұл туралы әлеуметтік желіде жергілікті тұрғындардың бірі жазған. Жазбаға қатысты облыстық полиция департаментінің өкілдері пікір білдірді. 

"Бұл дерек 26 сәуірде тіркелді. Оқиға орнына Солтүстік полиция бөлімінің учаскелік инспекторы келді", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Құқық қорғау органдары сот-медициналық сараптама тағайындады, оның нәтижелері бойынша нақты шешім қабылданады.