Павлодарда қоқыс жәшігінде жаңа туған нәресете табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл ақпаратты аймақтық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері растады.
"Қазіргі таңда сәби облыстық перинаталдық орталықта", - дейді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.
Сәбиді қоқыс жәшігінен Палодардың көпқабатты үйлерінің бірінің тұрғындары кездейсоқта тауып алған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полиция өкілдері бұл оқиғаға қатысты әзірше ресми ақпарат берген жоқ.