01 шіл, 2022 сағат 09:53

Павлодарда қоқыс арасынан Қазақстан елтаңбасы табылды


Павлодар сыртында құрылыс қоқысы арасынан табылды Қазақстанның екі елтаңбасы табылды, деп жазады Sputnik Қазақстан Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Павлодарлық экологтар хабарлағандай, қоқыс электролиз зауытының санитарлық-қорғау аймағында болған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды.

Қылмыстық кодекстің 372-бабы ("Мемлекеттік рәміздерді қорлау") бойынша сот тергеуі басталды. Кінәлі адамға 2 000 АЕК (6 126 000 теңге немесе 13 027 АҚШ доллары) мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін. Сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы да қолданылуы ықтимал. Бұл бап бойынша екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру да қарастырылған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.