Павлодарда кірпіш ұстаған ер адам көшеде кетіп бара жатқан қызға шабуыл жасады. Оқиға видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Полицейлердің мәліметінше, 23 тамыз сағат 15.30-да Павлодар қаласының Орталық полиция бөліміне 20 жастағы қала тұрғыны белгісіз ер адамға шара қолдануды сұрап арызданған.
Қыздың айтуынша, 21 тамыз сағат 01.10 шамасында белгісіз ер адам басынан кірпішпен бірнеше рет ұрған.
Жәбірленуші 21 тамыз түстен кейін ауруханаға түскен. Оған миы шайқалған деген диагноз қойылған, қыз ауруханаға жатудан бас тартты. Алайда ол 23 тамызда ғана полицияға арыз берген.
"Аталған дерекпен "бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір бұл азаматтың жеке басын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Рашад Өтеуов. Полиция департаменті.
Полицейлер Павлодар тұрғындарына бұл адамды танитындар болса, 102 телефонына хабарласуын сұрады.