25 сәу, 2023 сағат 11:45

Павлодарда кәрізден шала туған нәресте табылды

Фото: Pixabay.com

Павлодарда кәріз құдығынан шала туған нәресте табылды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

"20 сәуір сағат 18:15 шамасында Павлодар қаласындағы Бакинская көшесіндегі үйдің кіреберістерінің бірінің жертөле үй-жайында кәріз құбырын тазалау кезінде шала туылған ер баланың ұрығы табылды. 

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 100-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады" - делінген хабарламада.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.