13 қаң, 2023 сағат 15:35

Павлодарда ІІМ орталығы қызметкері газ тапанша қолданған

Сурет: pikabu.ru

12 қаңтарда Павлодарда Суроганов көшесі бойындағы мекемеге келушілер арасында дау туындаған. Оқиға барысында жанжалға қатысушының бірі, яғни ҚР ІІМ оқу орталығы қызметкері газ тапанша қолданған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі "Бұзақылық" бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Жанжалға қатысушылардың арасында бала күтіміне байланысты демалыста отырған Екібастұз қаласы ПБ қызметкері де бар болып шықты.