05 нау, 2020 сағат 17:45

Павлодарда Дубайдан ұшып келген азаматтар карантинге жатқызылды

Павлодар облысының тұрғындары Дубайдан Нұр-Сұлтанға ҚХР азаматтарымен бір ұшақта ұшып келген, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазіргі уақытта Павлодар аймағының бес тұрғынын оқшаулау бойынша эпидемиолог мамандар медициналық қызмет көрсетуде. Бес адамның үшеуі-Ақсу, екеуі Павлодар қаласының тұрғындары, - деді Павлодар облысы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабұлов өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингіде. 

«Олардың ең үлкені 54 жаста, ең кішісі – 21 жаста. Арасында балалар жоқ». 

С.Байғабұловтың айтуынша, қазір жедел медициналық көмек қызметкерлері оларды стационарлық бақылауға алған. 

«Аталған Павлодар өңірінің тұрғындарының жағдайы тұрақты. Дене қызуы, суық тию белгілері байқалмаған, бірақ бұл азаматтар коронавирустық инфекцияның таралу деңгейі қолайсыз елдерден келгендіктен Қазақстан Республикасының Бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, олар 14 күнге карантинге жіберіледі, - деп атап өтті Сәдуақас Байғабұлов. 

«Тиісінше, зертханалық зерттеулер жасалады, талдамалар алынады, бірқатар тест жасалады. Егер олар теріс нәтиже көрсетсе және денсаулық жағдайы тұрақты болса, онда олар тұрғылықты жері бойынша он күн бойы бақылауда болады».