13 ақп, 2023 сағат 14:14

Павлодарда бірнеше мектепке “мина қойылды“

© Photo : Polisia.kz

Павлодарда бірнеше мектепке "мина қойылды", - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР ІІМ Telegram-каналына сілтеме жасап.

13 ақпанда полицияға № 34 ЖОББМ директорының электрондық поштасына "мектепте мина қойылған" деген мазмұнмен хабарлама келгені туралы арыз түскен.

"Барлық қызметтер оқиға болған орынға шұғыл жіберілді. Жедел топтың қызметкерлері мектеп ғимаратына тексеру жүргізді. 1115 адам эвакуацияланды, оның ішінде 950 оқушы бар. Сондай-ақ №35 ЖБОМ-тен 1000 адам эвакуацияланды.

Тексеріс кезінде қандай да бір күдікті зат анықталған жоқ. Осы факті бойынша полиция тексеріс жүргізіп жатыр" - делінген хабарламада.

Полицияда ұқсас хабарламалар №9 және 28 мектептің пошталарына келіп түскенін айтты. Бірақ білім беру ұйымдары құқық қорғау органына бүгін ғана хабар берген, осыған байланысты эвакуация жүргізілмеген.