16 мам, 2022 сағат 10:35

Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті


Павлодарда бір жарым жасар қыз тоғызыншы қабаттан құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Толстой көшесі, 90 мекенжайындағы тұрғын үйде болған. Қыз тоғызыншы қабаттан дүкеннің күнқағарына құлаған. 

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балаға кататравма, ауыр бас сүйек-ми жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, травматикалық шок диагнозы қойылған.

"Зардап шегушінің жағдайы өте ауыр, ол инотропты қолдау және өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп хабарлады басқармада.

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.