17 қаз, 2022 сағат 14:15

Павлодарда бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған - видео


Павлодарда бір топ жігіт жаппай төбелес ұйымдастырған, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

16 қазанда сағат 00.54-те Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларын қарау кезінде инспектор Марал Артықбаева Усолка шағын ауданындағы мейрамханалардың біріне қарама-қарсы жерде төбелес болып жатқанын байқаған. Көрсетілген мекенжайға дереу автопатруль жіберілген.

"Келген полицейлер жанжалдың барлық қатысушыларын ұстады. Олардың жеке басын анытау және осы бұзушылықтың мән-жайын білу үшін Оңтүстік полиция бөліміне жеткізді. Сонымен қатар, ұсақ бұзақылық жасағаны және тыныштықты бұзғаны үшін әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434 және 437-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материалдар сотқа жіберілді", – деді Павлодар қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.