04 сәу, 2017 сағат 21:36

Павлодарда алаяқ "жұмысқа тұрғызамын" деп тұрғындардан 200 мың теңгеден жинаған

Ақсу аудандық ІІБ-де адамдарға ақшаға жұмыс тауып беремін деп уәде еткен қала тұрғынының алаяқтық әрекеті бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеуінше, 1984 жылғы Ақсу тұрғыны қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Жәбірленушілер полицияға түсірген шағымдарында мәлімдегендей, күдікті тұрғындарды қаладағы кәсіпорындардың біріне жұмысқа орналастыруға уәде еткен. Ол өз қызметі үшін әр адамнан қолхат арқылы 200 мың теңге алып отырған. Алайда, ол жұмысқа тұрғызу бойынша өз уәдесін орындамай, ақшаны қайтарудан бас тартқан, деп хабарлайды ІІД.