25 қар, 2020 сағат 07:45

Павлодарда 550 млн теңгенің мұнай өнімін заңсыз тасымалдағандар ұсталды

Павлодар облысында жанар-жағармай материалдарының заңсыз тасымалының жолы кесілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қаржы мониторингі комитетінің Павлодар облысы бойынша э кономикалық тергеу департаменті «Barrel» жедел алдын алу шарасы шеңберінде 2018-2020 жылдар аралығында жалпы сомасы 550 млн теңгені құраған 2,4 мың тонна мұнай өнімі көлемінде жанар- жағармай материалдары заңсыз тасымалының жолын кесті. 

Күдіктілердің іс-әрекеті санкциясы мүлкін тәркілеп, 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған ҚР ҚК 197 бабының 2-бөлімі 3-тармағына сәйкес сараланды. 

Күдіктілер ұсталып, екі ай мерзімге қамал ды. 

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.