Фото: instagram.com/rupr.pvlshakeneva
Павлодарда 12 жасында ана атанған қыз туралы жаңа мәліметтер шықты. Оны Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".
Оның айтуынша, ол Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның тапсырмасы бойынша жас ана тұратын Галкино ауылына барған.
Қыздың отбасы 2019 жылы Павлодарға Моңғолиядан туыстарының шақыртуымен екі баласымен көшіп келген. Елге келгесін тағы 3 бала дүниеге келген. Қазіргі уақытта анасы кенже баласын бағып, декреттік демалыста отыр. Анасы хат танымайды, тек өз есімін ғана жаза алады. Ал әкесінде 6 жылдық білім бар көрінеді. Арнайы білімі жоқ, мектепте пеш жағады екен.
Олар үлкен қызының болжамды жүктілігі туралы 2024 жылдың 3 сәуірінде мектеп мұғалімдерінен білген, сол күні заңды өкілдердің рұқсатымен жүктіліктің фактісін растайтын ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді.
Қыз дереу дәрігерлердің бақылауымен аудандық ауруханаға орналастырылды, онда ол 2024 жылдың 19 шілдесіне дейін болды.
Ауруханада мектеп басшылығы оқу жылының соңына дейін онлайн оқыту ұйымдастырды.
3 жарым ай бойы ауруханада болған болашақ анаға киім, аяқ киім, сабын-жуу және азық-түлікпен менің және мектептің педагог-құрамының жеке қаражаты есебінен қамтамасыз етілген.
"Негізгі міндет ерте жүктіліктің сәтті аяқталуы болды. Нәтижесінде салмағы 3360 г дені сау қыз дүниеге келді. Апгар шкаласы бойынша 9-10 балл. Облыстық перинаталдық орталықтан шығарылғаннан кейін сәби ананың сәбиімен бірге одан әрі орналасуы туралы мәселе жақын арада шешілетін болады. Қыздың әкесі де , анасы да жыныстық зорлық-зомбылық фактісі туралы білмеген. Қазіргі уақытта олар күдіктінің отбасымен туыстық қатынастар тоқтатылды деп мәлімдейді. Мектеп әкімшілігі кәмелетке толмаған баланың жүктілігі, сондай-ақ оған қатысты жыныстық зорлық-зомбылық туралы уәкілетті және құқық қорғау органдарына дереу хабарлады", -деп отыр Сәуле Шәкенова.