7 қыркүйек күні сағат 12:21-де полицияға Павлодар облысы Ақсу ауданының Қалқаман ауылында болған жазатайым оқиға бойынша қоңырау түсті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, Промышленная көшесі, 1 мекенжайы бойынша бетон плиталарды орнату кезінде ЖШС-нің 25 жастағы жұмысшысына қоршаудың бетон плитасы құлаған. Жас жігіт алған жарақаттарынан қайтыс болған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.