© elements.envato.com
Павлодар облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, тағы екеуі ауыр жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жол апаты 6 сәуірде түстен кейін болған. Екібастұздан 30 шақырым жерде көлік жыраға түсіп кеткен.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 103-ке шақырту жергілікті уақыт бойынша сағат 16.15-те түскен. Оқиға орнына екі жедел жәрдем көлігі және апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілген.
Келген дәрігерлер 1976 жылы туған ер адам, 12 жастағы қыз және 50-55 жас аралығындағы белгісіз әйел қайтыс болғанын анықтаған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Алматының 32 жастағы тұрғыны жабық бас сүйек-ми жарақатын алды. Оның бас миы шайқалып, кеуде қуысы соғылып, құлағы жарақаттанған. Екінші 43 жастағы зардап шеккен адамға бас миының шайқалуы, бас сүйек-ми жарақатынан басқа, жамбастың жабық сынуы диагнозы қойылды. Олар Екібастұз қалалық ауруханасында жансақтауда жатыр. Науқастардың жағдайы ауыр", - деді Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілі.
587 рет оқылды